Айнабулақ мектебінің сайты

"АйнабулаҚ" Негізгі орта мектебі



Оқушылар ережесі

 

Оқушылар ережесі

ü   Білімді, оқу біліктерімен дағдыларын табандылықпен игеру.

 

ü   Жалпыға пайдалы іс үшін еңбектану мен өнімді еңбек етуге қамдану, болашақтағы мамандығын таңдай білу.

 

ü   Мектеп және сынып оқушыларының өзін-өзі басқару жұмысына белсене араласу.

 

ü   Туған өлке табиғатын сақтау, халық мүлкін қорғау.

 

ü   Оқуды, еңбекті дұрыс ұйымдастыру, үйірмелерде шұғылдану.

 

ü   Дене шынықтырумен, спортмен үнемі шұғылдану.

 

ü   Ата-ананы, жанұяны ересек мүшелерін құрметтеу, қарттар мен кішілерге қамқорлық жасау.

 

ü   Тәртіпті, қарапайым және кішіпейіл болу, өзін-өзі басқару органдарының шешімдерін орындау.

 

ü   Киім кигенде қарапайымдылық пен ұқыптылықты сақтай білу.

 

ü   Көшеде жүру-тұру, өрттен сақтану, суда жүзу, тәртіп ережелерін білу және қатаң сақтау.

 

ü   Мектепке ұялы сымтетіктерді (телефондарды) алып келмеу және сабақ үстінде қолданбау.

 

ü   Мектеп оқушылары арасында діни киімді тұтынмау.

 

Оқушылардың міндеттері

1.   Әрбір адам ар мен намысын құрметтей отырып, өзін-өзі кез келген жағдайда лайықты ұстау.

 

2.   Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге ынтамен жұмыс істеу, сабаққа жүйелі түрде дайындалу, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.

 

3.   Әр қашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін қорғап оның дәстүрлерін жалғастыру.

 

4.   Мұғалімдермен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп директорының мұғалімдердің педагогикалық ұжымының нұсқаулары мен мектептің қарарларына бағыну.

 

5.   Мінез құлық ережелерін сақтау:

v       Үлкендерді құрметтеу;

v       Басқа адамның ар-намысын қадірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу;

v       Өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу: мектеп оқушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тиым салынады. Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.

 

6.   Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстау.

 

7.  Өндірістік және қоғамдық пайдалы еңбекке белсенділікпен қатысу.

 

8.Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет тану, мұғалмдермен ата-аналарының заңды талаптарын орындау.

 

 

 

 

21.03.12 де өзгертірілген

Hosted by uCoz